29.11.2024
2024 жылғы 29 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы Ақмола облысының әдіскерлері, директорлардың сыныптан тыс жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, педагог - психологтары, әлеуметтік педагогтары үшін "Білім беру ұйымдарындағы жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алуға және төзімділікті қалыптастыруға кешенді көзқарас" тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинарды өткізу барысында спикерлер "Студенттердің өзін-өзі деструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша психологиялық қызметтің жұмысы"; "Оқушылардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алудың тиімді әдістері"; "Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша психологиялық қызметтердің қызметі" тақырыптары бойынша жұмыс тәжірибесінен материал ұсынды, жұмыста қолданылатын диагностика, әдістемелер, қосымша материалдар көрсетілді. Вебинар соңында ұсыныстарды талқылау және қабылдау өткізілді.