25.11.2024
2024 жылғы 25 қарашада Атбасар ауданының білім бөлімінің басшысы Н. Г.Наймушина ЗУМ платформасы арқылы стримминг режимінде Атбасар ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен "Бастауыш/негізгі/орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты"жобасын зерделеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Білім беру мекемелерінің 42 басшысы және әдістемелік кабинет меңгерушісі К. К. Нұрмағамбетова қатысты, кеңеске қатысушылар жаңа МЖМБС-да қосымша білім берудің рөліне ерекше назар аударылатыны туралы хабардар етілді; "әлеуметтік GPA" ұғымы енгізілді (оқушының жетістігі күнделіктегі белгілермен ғана емес, сонымен қатар оның таланттарын іске асырумен, қоғамның игілігі үшін жұмыс істеуге дайындығымен өлшенетін болады); қауіпсіздік негіздерін (ОБЖ) зерделеу "Жаһандық құзыреттілік" пәнінің және басқа да оқу пәндерінің мазмұны арқылы іске асырылатын болады; "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру" және басқа пәндер бойынша бағалау қайтарылады. Білім беру мекемелерінің басшыларына педагогикалық ұжымдармен МЖМБС бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.