22.11.2024
Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру және алғашқы әскери-технологиялық дайындық орталығының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 19-22 карашаның аралығында Зеренді ауданының Зеренді ауылында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы шеңберінде шахмат және үстел теннисі бойынша жарыстар өткізілді. Атбасар ауданының құрама командасы сапында жарыстың облыстық аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Атбасар қаласының №2, №8 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары болды. Үш күндік жарыстың қорытындысы бойынша ұлттық мектеп лигасы бағдарламасы аясындағы үстел теннис бойынша 9-11 сынып оқушылары арасындағы жарыстарда Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларынан құралған ауданымыздың командасы жарыстың 1 орынға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!