18.11.2024
2024 жылғы 15 қарашада Көкшетау қаласында педагог – психологтар қауымдастығының мүшелерінің қатысуымен «Білім беру психологиясы өзгерістер фокусында: педагог – психологтың жұмысында қолданылатын ғылыми көзқарастар мен тиімді әдіс - тәсілдер» атты форум өтті. Атбасар ауданынан аталған форумға «Есенгелді ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог – психологы Н. Н. Комбатурова қатысты.
Форум барысында «Білім беру процесіне қатысушылармен өзара әрекеттестіктің этикалық нормалары»; «Білім беру ұйымдары педагог-психологтерінің біліктілігін арттыру және кәсіби хабардар болу процесін жүйелеу арқылы іргелі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру»; " «Педагог-психологтің білім беру ортасындағы коррекциялық жұмысының тиімді әдістері» практикумы мәселелері қаралды. Қорытындысы бойынша талқыланып, жұмысқа ұсынымдар қабылданды.