29.10.2024
2024 жылғы 29 қазанда Мариновка а. № 1 ЖОББМ базасында ауыл оқушыларына арналған «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Олимпиадаға 8 сыныптан -Адыр ст.НОМ, Бейіс-Хазырет а. НОМ, Мариновка а. №1 ЖОББМ, Мариновка а. №2 ЖОББМ - 37 оқушы қатысты. Олимпиаданың бірінші кезеңі неғұрлым дайындалған оқушыларды іріктеу мақсатында өткізілді және 40 сұрақтан тұратын кешенді тестілеуден тұрды: математикалық сауаттылық 10 сұрақ, логикалық ойлау 10 сұрақ, оқырман сауаттылығы 10 сұрақ, қазақ тілі 10 сұрақ.