«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты

24.10.2024

21 қазанда «№ 6 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 7 сынып оқушылары үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға кәмелетке толмағандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы түсінік беру. Жасөспірім бос уақытын  кейде өзіне пайдасымен емес, өзіне зиян келтіріп өткізеді. Өмірлік тәжірибенің жетіспеушілігі, заңдарды білмеу, ал көбінесе өздерін бақылай алмау кейде қайғылы салдарға әкеледі. Оқушылар ҚР ҚК сәйкес қандай жауапкершілік түрлері бар екенін қарастырды; балалар карточкалар бойынша жұптасып жұмыс істегенде қандай да бір бұзушылықтар қандай жауапкершілікке тартылатынын анықтады; викторинаның сұрақтарына жауап берді. Бірлесе отырып, құқық бұзушылыққа қандай себептер әкелетінін анықтадық. Оқушылар әлеуметтік педагогпен бірге өз пікірлерімен «Құқық бұзушылықты қалай болдырмау керек?» жадынамасын толтырды. Сынып сағатының соңында «Өзіңізді сақтаңыз және құқық бұзушылыққа жол бермеңіз!» деген сөйлем құрастырды.

 

Просмотров: 876


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст