Ұлттық мектеп лигасы бойынша облыстық жарыстар өткізу аясында 2021 жылғы 3 желтоқсанда Атбасар қаласының №1, №2, №8 жалпы білім беретін мектептері және "Олимп" ДСК базасында үстел теннисінен барлық санитарлық - эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, Атбасар ауданы мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған аудандық жарыстар өткізілді. Жарысқа ауданның 12 мектебінен 48 оқушы ұлдар мен қыздар қатысты. Аудандық жарыстарды өткізу нәтижелері бойынша командалық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
I орын - Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі;
II орын-Атбасар қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі;
III орын- Шуйское а. жалпы білім беретін мектебі;
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі әкімшіліктің дене шынықтыру мұғалімдеріне және Атбасар қаласының №1, №2, №8 жалпы білім беретін мектептерінің және "Олимп" ДСК қызметкерлеріне аудандық жарыстарды ұйымдастырғаны және жақсы дайындықтары үшін алғыс білдіреді