"Атбасар қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығы" МКҚК көшбасшылары мен еріктілерін құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау

26.06.2024

25 маусымда «Атбасар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Наймушина Наталья Георгиевна «Атбасар қаласының балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК-ның үздік көшбасшылар мен еріктілерге Құрмет грамоталарды және алғыс хаттарды табыс етті. Театр өнері, оқу кезіндегі өзін-өзі басқару, «Жас Ұлан» жастар ұйымы және Атбасар ауданының еріктілер қозғалысы саласындағы елеулі үлестері, ерекше табыстары мен жоғары жетістіктері үшін Құрмет грамоталарымен: Нұржан Мұратов, Артём Каблуков және Данил Шариков марапатталды. Су тасқыны кезінде көрсеткен ерлігі, баға жетпес көмегі және жанқиярлығы үшін алғыс хаттармен: Никита Ильин, Артём Каблуков, Александр Телышков және Анастасия Забалдина марапатталды. Оқушыларды оқу жылының табысты және жарқын аяқталуымен құттықтаймыз!



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу