2022 жылдың 21-24 наурыз аралығында біз Отанымыздың ең әдемі жерлерінің бірі-DiscоveryBorovoe ірі курорт-қонақ үйінде болдық. Курорттық отель Катаркөл көлінің жағасында Щучинск-Бурабай аймағында орналасқан. Айналасында қарағай орманы және таза ауа бар. Ішінде көптеген ойын-сауық, жайлылық және мейірімді қызметкерлер бар. Бұл отбасылық демалыс үшін тамаша орын, біздің балалар аквапаркты, балалар ойынын, балалар анимациялық бағдарламасын тамашалады. Медициналық блоктағы лимфодренаж, жарық терапиясы, самырсын бөшкелері, дәрілік электрофорез, термокапсула сияқты емдік процедуралар демалып қана қоймай, денсаулықты жақсартуға, иммунитетті нығайтуға мүмкіндік береді. Біз санаторийдегі демалысымызға ризамыз, балалар көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлер алды. Облыстық кәсіподаққа демалысты ұйымдастырғаны үшін Алғыс білдіреміз!