«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды

04.02.2019

«Өзін – өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру жобасының авторы  С.А.Назарбаева мәңгілік мәселелерге  жауап іздеу барысында былай деп жазды: «Ғасырлар шебінде  біз неге екенін білмейміз,  тәрбие берудің басты мақсаты – балаға компьютердің конпкасын басуды үйрету мен ағылшынша сөйлеуді үйрету деп,- шештік»  Міне, жаңа форматтағы адам дайын!Бұл балалардың  жақсы мен жамандықты айыра алмайтынын, жақындарымыздың басына түскен ауыртпалықты бөлісуді және түсінуді білмейтіндігі бізді ойландырмайды...»

Бүгінгі таңда білім берудің екі аспектісін үйлесімді дамыту қажет - зияткерлік (сыртқы,  ақыл - ойға арналған білім)  және рухани – адамгершілік ( ішкі, жүрекке арналған білім ).  Білім мен өмірді бір тамаша үйлесімділік  арнасына құю қажет.

«Өзін – өзі тану»  рухани – адамгершілік білім берудің пәндерменүйлесімділігі – бұл, ең бастысы  мектептегі білімнің жандануы, бұл тұтас білім алу,  жалпы адамдық құндылық негізіндегі  барлық пәндердің синтезі.

Қазіргі таңда  мұғалім тұлғасының өзгеруі,   бағдарламалар мен  әдістемелердің өзгеруінен кем емес екені дауасыз факт. Елімміздің бірінші ханымының  ұсыныстарыніске асыру мақсатында, Атбасар ауданындағы «Өзін – өзі тану» пәнініңмұғалімдері үшін, аудандық білім бөлімінің әдіскері Мотузкова Окасана Сергеевна  «Өзін – өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми – әдістемелік негіздері» тақырыбында №2 ОМ базасында біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.   «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының тренері Алма Рахметулловна Басболатова екі жеті бойы жоспарлау, мақсататары мен міндеттерді қою бойынша ұсыныстар беріп, НДО Бағдарламасының аксиологиялық негіздері қаралды.

Атбасар қаласындағы №2 ОМ өткен  курстың практикалық бөлімінде «Өзін – өзі тану» пәнінің  құрылымдық – мазмұндық және әдістемелік аспектілері» тақырыбы бойынша  облыстық семинар өтті. Алғы сөзді Зауреш Ермековна Касеноваалып,  осы бағдарламаның маңыздылығы мен өзектілігін айтып,  семинардың басты мақсаты «Өзін – өзі тану» пәнін оқытуды тереңдету және оны білім үрдісімен тұтастығының үйлесімділігі болып табылады.

№2 ОМбастауыш сынып мұғаліміС.К.Муканова     «Өзін – өзі тану және әлемді тану» пәнінен «Ортақ әліппе. Мен қазақпын» тақырыбына  кіріктірілген сабақ өткізді.  №6 ОМ 4 сынып мұғалімі Н.Д.  Шахарова «Өзін – өзі тану»  сабағынан «Өжеттік және табандылық»  тақырыбына  сабақ өткізсе, Тельман ОМ-ң өзін-өзі тану мұғалімі З.К.Мусина «Отбасылық бақыттың гүлі» тақырыбына Мастер –класс өткізді. Семинардың модераторы А.Р.Басболатова.   Семинар соңында рефлексия өткізіліп,  семинарға қатысушылар  өткізілген шара туралы өз ойларын айтып,  семинардың жоғары дәрежеде өткендігін атап өтті. Оқушыны жақсы көру керек, өскелең ұрпақ бойында рухани адамгершілікті тәрбиелеу үшін, жан – жақты терең ойлану керек.Осындай курсты оқу барысында біз, педагогтер өскелең ұрақ болашағына  жауапты екенімізді жақсы сезіндік.

 Мұғалімнің жүрегі мен мейірімділігі арқылы:  бала қолындағы  жалпы адами құндылық дәні өсіп, оқушы санасында қалса екен.

«Өзін – өзі тану» мұғалімдерінің аудандық әдістемелік жетекшісі. Старцева Т.А.           

Просмотров: 500


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст