«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ГОСУДАРСТВЕННОГО УЧРЕЖДЕНИЯ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

БҒМ марапатын алу критерийлері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8676 тіркелді.
Көтермелеулермен марапаттау негіздері
      1. "Білім және ғылым министрінің Алғысымен" адамдар қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері және білім және ғылым саласындағы өзге де еңбегі үшін наградталады.
          2. "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен":
      1) мінсіз қызметі, қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық белсенділігі, конкурстарда, олимпиадаларда, конференцияларда, байқауларда, көрмелерде және сайыстарда табысты нәтижелері, білім және ғылым саласындағы басқа да жетістіктері мен сіңірген еңбегі үшін;
      2) білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында және (немесе) ғылыми қызметкер ретінде 3 және одан да көп жылдан астам еңбек өтілі бар;
      3) "Білім және ғылым министрінің Алғысы" бар адамдар марапатталады.
         3. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқу ісінің үздігі", "Орта білім беру ісінің үздігі", "Техникалық және кәсіптік білім беру ісінің үздігі", "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі" құрмет дипломымен:
      1) тиісті білім беру деңгейі бойынша білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлау ісіндегі, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, олардың облыстық (аудандық), республикалық, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін;
      2) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарын мемлекеттік басқарумен байланысты білім беруді басқару органдарында және (немесе) тиісті деңгейдегі білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі 10 жылдан астам;
       3) "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы" бар"; 
      4) "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" біліктілік санаты бар адамдар марапатталады.
      4. "Білім және ғылым министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері" құрмет дипломымен Министрліктің және оның қарамағындағы ұйымдардың (білім беру ұйымдарын қоспағанда) қызметкерлері:
      1) қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны, шығармашылық белсенділігі, мінсіз қызметі, еңбек қызметіндегі басқа да жетістіктері және білім және ғылым саласындағы өзге де еңбегі үшін;
      2) соңғы 6 айда еңбек, атқарушылық тәртіпті, этиканы, ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзбайтын адамдар;
      3) Министрлікте және оның қарамағындағы ұйымдарда (білім беру ұйымдарын қоспағанда) 10 және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар;
      4) "Білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының Құрмет грамотасы" бар адамдар марапатталады.
     5. "Ы. Алтынсарин" төсбелгісімен:
      1) білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиелеудің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру және тәрбие бағдарламаларын іске асырудағы елеулі табыстары, оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлау ісіндегі, олардың шығармашылық белсенділігін дамытудағы табыстары, олардың облыстық (аудандық), республикалық, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін;
      2) білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында 10 жыл және одан да көп еңбек өтілі бар тұлғалар марапатталады.
       6. "Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен: 
       1) оқушылардың, тәрбиеленушілер мен студенттердің дербестігін дамытуды, оларды оқытуды дараландыруды, білім алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық қызметіне жетекшілік етудегі табыстарды, өңірлік, республикалық, халықаралық білім беру және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы жетістіктерді, білім берудің өзекті проблемалары бойынша зерттеулерді қамтамасыз ететін оқу процесіне енгізілген сабақтарды ұйымдастырудың және өткізудің, білімді бақылаудың белсенді нысандары мен әдістері және жаңа интерактивті технологиялар үшін, оқытушы кадрларды даярлауға және олардың педагогикалық және ғылыми біліктілігін арттыруға, білім беру жүйесінің мамандарын қайта даярлауға сіңірген еңбегі, оқу әдебиетін әзірлеудегі, оқу құралдары мен жабдықтарын өндірудегі жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметті ұйымдастырудағы, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық, эксперименттік-өндірістік базасын дамыту мен нығайтудағы табыстары үшін; 
      2) білім беруді басқару органдарында және (немесе) білім беру ұйымдарында және (немесе) ғылыми қызметкер ретінде он жылдан астам жұмыс өтілі бар және жоғары не бірінші біліктілік санаты бар ("педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер", бірінші немесе екінші біліктілік санаты бар білім беру ұйымының басшысы) тұлғалар марапатталады.
      Бір марапаттау белгісімен немесе құрмет дипломымен қайта марапаттауға жол берілмейді.
      Азаматтарды кезекті марапаттауға ұсыну алдыңғы мараппаттау сәтінен бастап кемінде үш жыл өткен соң жүргізіледі.
      Төсбелгілер кеуденің оң жағына тағылады. Нысаны мен мөлшері бойынша медальдарға арналған тағандарға сәйкес келетін тағандар болған кезде төсбелгілер кеуденің сол жағына тағылады.
      Көтермелеулермен марапаттау "Тәуелсіздік күніне", Кәсіби мерекелерге – "Білім күніне", "Мұғалімдер күніне", "Ғылым қызметкерлері күніне", "Еңбек күніне" орай, сондай-ақ тұлғалардың мерейтойлық күндеріне орай жүргізіледі.
      Көтермелеу жүйесінде көзделген нақты мерекеге байланысты бір адамға марапаттауға бір ұсыныс енгізіледі.
 
Жаңартылған күні: 18.10.2021 11:24
Құрылған күні: 18.10.2021 11:24

Текст