2022 жылғы 28 желтоқсанда Атбасар қаласындағы №1 жалпы орта білім беретін мектепте дарынды балаларға арналған әкімнің жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекеге ауданның барлық мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарынан 50 бала шақырылды, олардың ішінде үздік оқушылар ғана емес, сонымен қатар шығармашылықта, спортта ерекшеленген балалар, олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары. Балалар Анна мен Эльза ханшайымдар, Олаф аққала, Свен бұғы, «Алладин» және «Алиса ғажайыптар елінде» ертегілерінің кейіпкерлермен жарқын музыкалық театрландырылған қойылымға қатысты. Аяз ата мен Ақшақар ертегілерінің кейіпкерлерімен бірге шыршаның шамдарын жағып жіберді. Күлімсіреу мен қуаныш балалардың жүзінен шықпады. Іс-шара соңында әр бала Атбасар ауданы әкімінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар алды. Білім бөлімі Атбасар қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары мен ұжымына жаңа жылдық тамаша қойылымы үшін алғыс білдіреді.