21.12.2022
2022 жылғы 21 желтоқсанда «№4 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында педагог – психологтардың «Мектеп ортасында суицид пен буллингтің алдын алу» тақырыбында практикалық семинары өтті.
Семинарда «Қорқыту немесе қалай құрбан болмау керек?», О.В. Кузьмина, «Мариновка ауылының №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог – психологы; «Балалар мен жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы», Т. А. Старцева, «Садовое ауылының негізгі орта мектебі» КММ педагог – психологы. Сондай-ақ, семинарда Атбасар ММБ психологы Г.С. Жақсылықова сөз сөйледі.
Атбасар ММБ психологы медициналық мекемеде пациенттерді басқару алгоритмімен суицид белгілерімен таныстырды, суицидтік көріністерге: ішкі, сыртқы және қауіп факторларына тоқталды.
Семинар барысында оқушылармен өткізілетін практикалық жұмыстар, топтық жұмыстар көрсетілді.