21.12.2022
2022 жылғы 5-18 желтоқсан аралығында Атбасар ауданының мектептерінде Халықаралық "Информатика апталығы" аясында "Қазақстандағы код сағаты"акциясы өтті. 3-11 сынып оқушылары үшін информатика пәнінен тақырыптық сабақтар өткізілді. "Код сағаты" акциясының міндеті-оқушылардың ақпараттық технологияларға, атап айтқанда қолданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру. Балалар сабақта бағдарламалау бойынша деңгейлік жеке тапсырмаларды орындады. Аяқтағаннан кейін әр оқушыға сабақтан өту туралы сертификат берілді. Осы акцияны ұйымдастырушылардан информатика пәнінің мұғалімдеріне іс-шараны ұйымдастырғаны үшін сертификаттар берілді.
Акция қорытындысы бойынша Атбасар ауданының 1482 оқушысы "Код сағатына"қатысты.