«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Үйлестіру кеңесінің отырысы

22.02.2022
2022 жылғы 22 ақпанда Білім басқармасының жоспарына сәйкес ZOOM режимінде Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің және Ақмола облысы білім басқармасы алқасының инклюзивті және арнайы білім беру секциясының отырысы өтті. Мақсаты: инклюзивті және арнайы білім беруді дамытудың 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттер туралы. Отырысқа Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері; Ақмола облысы білім басқармасының өкілдері; облыстық ұйымдардың басшылары; тірек балабақшалардың меңгерушілері; тірек мектептердің директорлары; инклюзивті білім беруді басқаратын аудандық /қалалық/ білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібіне мыналар кірді: 
1. Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы 
2. Кейбір нормативтерге өзгерістер мен толықтырулар туралы
3. Ақмола облысында инклюзивті практиканы енгізу бойынша тірек білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу қорытындылары туралы 
4. Практикалық бөлім: инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ресурстық орталық "білім бөлімінің Көкшетау қаласының № 19 жалпы білім беретін мектебі" КММ
Іс-шара соңында Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, Саяси ғылымдар кандидаты М.У. Ибраев 2022 жылға арналған негізгі міндеттерді қорытындылап, қорытынды жасады.
 
 
 
Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст