«АКМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСКАРМАСЫНЫҢ АТБАСАР АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ»  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО АТБАСАРСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. PISA халықаралық зерттеулеріне дайындық» ОНЛАЙН-СЕМИНАРЫ

17.02.2022
2022 жылдың  16 ақпаны күні  «Өрлеу» БА ҰОАҚ филиалы Ақмола облысы ПҚ БАИ мен «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бірлесе «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. PISA халықаралық зерттеуіне дайындық» тақырыбындағы онлайн-семинары 4 бағытта, яғни оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауттылық және 2021 жылдан бастап қосымша бағыт – сын тұрғысынан ойлауды зерттеу бағыты бойынша ұйымдастырылды.
Мен «Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық вебинардың қатысушысы болдым. Атбасар ауданы мектептерінен  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін 25 мұғалім қатысты. Бізге  «Өрлеу» БАИ аға оқытушысы Алькенова Ботагоз Камзовна семинар кезінде,толық оқу сауаттылығы – коммуникативтік дағдының маңызды бір түрі ретінде оқу дағдысына диагностика жасау үшін «Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау» бағдарламасы бойынша (PISA) термин енгізілгенін түсіндірді. Сонымен қатар, семинардың теориялық білім беру айдарында халықаралық тестілеуге 15 жастағы білім алушылар қатысатынын, сондай –ақ «Оқу сауаттылығы» адам баласының қоғам өміріне араласу үшін жазба мәтіндерді түсініп және оған рефлексия жасай білуін, оның мазмұнын өз мақсаттарына пайдалана алуын, білімі мен мүмкіндіктерін дамыту жолдарын қарастыру маңыздылығы туралы білім қалыптастырдық. Оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілін оқыту коммуникативтік тәсілге негізделгенін, яғни тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын қатар дамыту дегенді білдіретіні туралы сөз қозғалып, оқылым дағдысын қалыптастыру барысында қоғамдық өмірге араласу үшін оқушылардан мәтінді түсініп оқу және кері байланыс жасау, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін мәтін мазмұнын пайдалана білу, қалыптастырған білімі мен қабілетін дамытуы жолдарын қарастырдық. Оқу бағдарламасында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту негізгі талаптардың бірі болып саналады және жоғары ойлау (салыстыру, талдау, бағалау т. б.) деңгейлерін, сыни ойлау дағдыларын дамытуға баса назар аударуымыз керек екенін түсіндік.  Бұл вебинар мұғалімдерге әдістемелік үлкен көмек болды. Аз уақыттың ішінде біраз ақпараттар берілді.Сонымен бірге айта кетсем, оқушылардың АКТ дағдыларын дамытып, цифрлық мәтіндермен де жұмыс жүргізе білуі керекекндігі туралы аса маңызды ақпарат алдық. Функционалды сауаттылықты дамытуға арналған тапсырма түрлері 3 компоненттен тұрады екен білдік. Олар: 1) жағдаят, 2) мәтін, 3) аспект. Мәтінді түсіну стратегиялары туралы нақты түсініктер берілді. Барлық берілген материалдарды оқу мақсаттары арқылы жүзеге асыруға болатынын игердік. Ботагоз Камзовна өте тәжірибелі маман ретінде аудиторияны шебер басқарды. «Өрлеу» БА ҰОАҚ филиалы Ақмола облысы ПҚ БАИ ұжымына «Функционалдық сауаттылық дағдыларын дамыту» бойынша оқыту үдерісін ұйымдастыруда әдістемелік қолдау көрсеткені үшін мұғалімдердің атынан алғысымыз шексіз!Осындай вебинарлар, семинарлар,курстар өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінгі заман талабына сай қазіргі пән мұғалімдеріне білімдерін шыңдау әрқашан қажет. 21-ғасырда бәсекеге сай болу үшін мұғалімнің білімі күнделікті жаңа ақпараттармен толықтырылып отыруы қажетті деп ойлаймын. Сондықтан,біздер мұғалімдер үнемі заман талабына сай білім беруіміз үшін және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру үшін осындай семинарларлардың нәтижесі жоғары болатына сенімдіміз.
Рымхан Назигул
«Ақмола облысы білім басқармасының 
Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі 
Борисовка ауылының 
жалпы орта білім беретін мектебі»  
 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
орыс тілді мектептеріндегі
 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалідерінің 
ассоциация жетекшісі.
Просмотров: 198


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст